ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Тілтаным

Түлкібастың «түркі» аталар қақы бар

әкімшілік 26/11/2018 1002 рет қаралды

сүйрет : Ru.kyrgyztoday.org

Ыспан

 

Сөз жоқ, Түлкібас-ты түркі-ден шығару негізсіз емес. Тіпті оның бір емес, бірнеше негізі бар. Айталық, алдыңғы мақалада айтылғандай, В.Бартольд өз еңбегінде:

 

Селение Тюлькю-баш получило свое название от соседней горы, которая служит предметом религиозного культа; … Эта гора, по-видимому, принадлежит к тем местам поклонения, которые обязаны своим значением не мусульманским святым, … По всей вероятности, эти места почитались еще до ислама, и мусульманские святые были придуманы впоследствии; даже имена святых неизвестны народу, который называет их просто Тюлькю-баш-Ата, Чикпак-Ата, Тек-турмасы-Ата и т.п. Гора Тюлькю-баш, как видно уже из называния, по виду напоминает лисью голову; … Местные жители говорили мне, что название Тюлькю-баш есть искажение слов .. «глава тюрков»; здесь некогда жил тюркский хан. Этимология, конечно, искусственная, но предание во всяком случае любопытно [1, 112-б.],

 

Скоро после селения Тюлькю-баш начинается плоскогорье, всегда бывшее любимым местом кочевников и в VII и VIII вв. служившие летней резиденцией тюркским ханам. Название главного кочевья было Мынбулак «Тысяча ключей» [1, 113-б.]

деп тұжырады.

Яғни мұнда Бартольд:

Селение Тюлькю-баш получило свое название от соседней горы, которая служит предметом религиозного культа; … Эта гора, по-видимому, принадлежит к тем местам поклонения, которые обязаны своим значением не мусульманским святым [1, 112-б.],

 деп, бүгінде Түркібасы әулие атанып отырған төбе тарихы атамзаманнан бастау алатындығы туралы,

екіншіден,

… Местные жители говорили мне, что название Тюлькю-баш есть искажение слов .. «глава тюрков»; здесь некогда жил тюркский хан [1, 112-б.]

деп, осы күнгі емес, өткен замандағы жергілікті жұрттың өзі: Түлкібас атауы Түркібас сөзінің бұрмаланған нұсқасы, бір заманда мұнда түркі ханы тұрған дейтін пікірде болғандығы туралы ақпарат берген.

 

Ал бұл – халық айтса, қалып айтпас дегенге сәйкес Түркі ханы, Түркібасы әулие, Түлкібас емес, Түркібасы дейтін ой әуелден болған, арғы тарихтан келе жатқан пікір деген сөз. Бартольд осы бұрынан бар, болған нәрсені сол 19-ғасырда-ақ қағазға түсіріп, ырастап қана отыр. Яғни ол бар болғаны елден естігенін жазған, оған өз жанынан ештеңе алып-қоспаған. Әрине, оның Түркібасы дегенге сенімсіздікпен қарауы түсінікті де әрі біз үшін Бартольдтың сенген-сенбегені емес, сол кездегі халықтың не деп, не ойлағаны маңыздырақ.

 

Сондай-ақ өз еңбегінде Түлкібас та, Түркібас та деп екі ұшты ой айтқан Бартольд:

 

Скоро после селения Тюлькю-баш начинается плоскогорье, всегда бывшее любимым местом кочевников и в VII и VIII вв. служившие летней резиденцией тюркским ханам. Название главного кочевья было Мынбулак «Тысяча ключей» [1, 113-б.]

десе, 7–8-ғасырдағы Түркеш қағанаты туралы кандидаттық диссертация жазған Қытай елінің тумасы Ә.Дәулетхан да:

 

… Түркештің Сұлұқ қағаны Суяб бекінісін үлкен Орда етіп отырған кездің өзінде жаздық ордасы Невакет маңындағы жайлауда немесе  Мыңбұлақ жайлауында болды [2, 105-б.]

 

Таң патшалығының жиһанкез монағы Шуан Заң (600-664) 630 жылы Мыңбұлақтың әсем табиғатын тамсана суреттей келіп: «Онда мыңдаған қалың марал бар. Олардың көбі күміс қоңыраулы әсем мойындықпен жүреді. … Түрік қағаны оларды өте жақсы көреді. Өз қарамағындағы бұқараның оны аулауына тыйым салған…» [2, 109-б.]

 

деп, осы ойды қайталайды. Яғни 19-ғасырдағы мен күні кеше және негізінен қытайлық дереккөз бойынша жазылған екі пікір бір жерден шығып, Түлкібас өңірі бір кездегі Түргеш қағанатының орны болғандығы туралы жорамалды қуаттап тұр.

 

Үшіншіден, Түргеш қана емес, оның алдындағы Батыс Түрік қағанатының да ордасы, орталығы Испиджаб (Сайрам), Құлан, Мыңбұлақ, Тараз, Меркі болғаны тарихтан да белгілі әрі осы жайдың өзі-ақ Түркібасы атауының, Түркібасы әулиенің негізсіз еместігін көрсетсе керек.

 

Алайда Бартольд: Түлкібас тауы аты айтып тұрғандай, түлкінің басына ұқсайды [1, 112-б.] деп, Түркібасы-ны ғана емес, Түлкібас-ты да ырастайды. Оның үстіне кешегі Ванновка-ның аты алғаш «Түлкібас» сөзінің аудармасы ретінде Лисицын деп [3, 362-б.] аталған да екен. Осы тұста патшалық Ресей, тіпті оның арнайы тапсырмамен келген ғалымы В.Бартольд та өзіне бодан елдегі жер аты, ел атының түркі емес, түлкі сөзі арқылы аталуына мүделі болуы мүмкін бе деген сұрақ қоюға, сірә, толық қақылымыз.

 

Сондай-ақ түркі жұртында түлкіге байланысты жер атаулары кезіге бермейтіні, түлкіні үлгі тұтпайтыны [4] да күмән тудырмайды. Әрине, жер-суға арнайы түрде ат беру мен оны халықтың көзге бірінші болып түсетін қандай да белгісі бойынша жол-жөнекей атап кетуі, атай салуы арасында үлкен айырма бар.

 

Халықтық атау арнайы келісім, ресми шешім, асқан ақыл негізінде шықпайды. Онда қандай да саяси реңк те, оны қалай да түлкі емес, барыс деп атау мүдесі де болмай, неге ұқсаса, сол арқылы аталына салады да, онан ары біреуден біреу алып бүкіл жұртқа тарап кетеді.

 

Ал әуелгі Түркібасы-ның әлдебір себеппен Түлкібас-қа айналып кеткен-кетпегенін, түлкінің басын еске түсіреді деген Бартольд сөзінің шындыққа алыс-жақындығын Түркібасы төбесінің пішініне қарап-ақ анықтау қыйын болмаса керек. Айтса айтқандай, аталмыш төбені күнде көріп, басына да шығып жүрген түлкібастықтар ол жерде ешқандай түлкібастылық-тың жоғын, ондайды аңдамағандарын айтады.

 

Сонда елде де, жерде де, тілде де, ділде де жоқ, болмаған Түлкібас қайдан шықты? Жанына жақпайтын, көңіліне қонбайтын сөзді жұрт аузына салып қойып, бірнеше ғасырдан бері айтқызып келе жатқан кім, қандай күш?

 

  1. Академик В.В.Бартольд Сочинения т. 4 (Работы по археологии, нумизматике, эпиграфике и этнографии), М., 1966;
  2. Дәулетхан Ә. Түркеш қағанаты: саяси және мәдени тарихи зерттеу (692–766-ж.) //Тарих ғылымның кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация, А., 2002;
  3. Мырзахметұлы М. Қазақ қалай орыстандырылды? А., 2011, 400 б.
  4. Қыдырәлі Д. Түлкібас атауы қайдан шыққан? //Okg.kz, 20.03.18;

 

Осы тақырыпты алдыңғы және келесі мақалалар

  1. «Түркі» деуге не негіз? — http://turki.kz/t-rki-deuge-ne-negiz
  2. «Түркі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negizi
  3. «Түлкі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negiz
  4. Көпшілік: дұрысы — Түлкібас емес, Түркібас дейді екен — http://turki.kz/k-pshilik-d-ry-sy-t-lkibas-emes-t-rkibas-dejdi-eken
  5. Ғылым: «Түлкібас емес, Түркібас» депті, ал дәлелі … —  http://turki.kz/y-ly-m-t-lkibas-emes-t-rkibas-depti-al-d-leli
  6. «Түлкібас» түлкібасты әулиеден шыққан деген де бар — http://turki.kz/t-lkibas-t-lkibasty-ulieden-shy-an-degen-de-bar
  7. Түргеш қағанатының ордасы Түлкібаста тұрған ба? — http://turki.kz/t-rgesh-a-anaty-ny-ordasy-t-lkibasta-t-r-an-ba
  8. Айта-айта «Түркібас» «Түлкібас» болған ба? — http://turki.kz/ajta-ajta-t-rkibas-t-lkibas-bol-an-ba
  9. Бартольдтың Түлкібас емес, Түркібас дегені ырас па? — http://turki.kz/bartol-dty-t-lkibas-emes-t-rkibas-degeni-y-ras-pa
  10. Бартольдтың Түлкібас туралы өз сөзі — http://turki.kz/v-bartol-dty-t-lkibas-turaly-z-s-zi
  11. «Түлкібас» пен «Түркібас» туралы Бартольд сөзінің мәнісі — http://turki.kz/tulkibas-pen-turkibas-turaly-bartold-sozining-manisi
  12. Ал ғылым не дейді, Түлкібас па, Түркібас па? — http://turki.kz/al-ghylym-ne-dejdi-tulkibas-pa-turkibas-pa
  13. Алыстағы түріктің қазақ жеріне қатысы — http://turki.kz/alystaghy-turikting-qazaq-zherine-qatysy
  14. Түркі әлемінің қапыда кеткен қасқыры — http://turki.kz/turki-alemining-qapyda-ketken-qasqyry
  15. Түлкінің басына байланған бақ па еді — http://turki.kz/tulkining-basyna-bajlanghan-baq-pa-edi
  16. 16-мақала: Түлікбас өңірі «Түлік басы» деп те аталған — http://turki.kz/16-maqala-tulkibas-ongiri-tulik-basy-dep-te-atalghan
  17. 17-мақала : «Түлік басы» тіркесінің «Түлкібас» деген сөзге айналу себебі — http://turki.kz/17-maqala-tulik-basy-tirkesining-tulikbas-degen-sozge-ajnalu-sebebi/
  18. 18-мақала : «Түлікбас»-тың «Түлкібас»-қа айналу себебі — http://turki.kz/18-maqala-tulikbas-tyng-tulkibas-qa-ajnalu-sebebi
  19. 19-мақала : «Түлкібас»-тың «Түлікбас»-тан несі артық? — http://turki.kz/19-maqala-tulkibas-tyng-tulikbas-tan-nesi-artyq
  20. 20-мақала : Әуелгі «Түрік басы»-ға «Түлік басы» атауының үстемелену себебі — http://turki.kz/20-maqala-auelgi-turik-basy-gha-tulik-basy-atauynyng-ustemelenu-sebebi/
  21. 21-мақала : «Түркібас»-тың ұмытылып, «Түлкібас»-тың қалу себебі — http://turki.kz/21-maqala-turkibas-tyng-umytylyp-tulkibas-tyng-qalu-sebebi/

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*