ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Тілтаным

«Түркі» деуге не негіз?

әкімшілік 17/06/2018 951 рет қаралды

сүйрет : Forexdengi.com

Ыспан

 

Түлкібас-ты Түркібас деп өзгерту – түркі әлемінде Түркістан дегенге тең марапат ат, мәртебе ат. Түркістан – Тараз ортасына бүкіл түркі қауымының тағы бір қазығын қағу деген сөз. Сондай-ақ «Түлкібасы – құт мекен» деген анықтамасына сай, Түлкібас – түркішіл Тұрар, қазақшыл Бауекең, ұлтшыл Шерағаң бастап, қазақтың талай жайсаң жігіттері шыққан жер. Яғни Түлкібастың жері де, елі де мұндай атқа лайық-ақ.

 

Дегенмен, бүкіл бір өңірдің тарихи атын өзгерту, елден ерек түркі түрлі ат алу үшін мұнан да гөрі нақты негіз керек. Мысалы, «Түркібасы атын қайтарайық» [1] деген үндеудегі:

 

…Түлкібас ауданының атын Түркібасы деп өзгерту туралы мәселе көптен бері көтеріліп жүр. Кейінгі жылдары аудан халқының арасында талқыланып, түрлі пікірлер айтылып, сайып келгенде, Түркібасы атауына басымдық беріліп жатқаны рас,

… Түлкібас күйінде қалмауы қажет, Түркібасы атын қайтару керек, – десетіндер өте көп,  

… Қазіргі Түлкібас атауы туралы әртүрлі аңыздар бар. … Есте жоқ ескі заманда түлкі басты әулие осы төбені мекен еткен екен, содан Түлкібасы әулие атаныпты деседі. Тағы бірінде түркінің дінбасы осында жерленгендіктен, Түркібасы атанып, бірте-бірте Түлкібасы, Түлкібас боп кеткен дейді.

Түлкібас десе, мен түлкінің басын көз алдыма елестете алмаймын. Түркібасы десе, көненің көне замандары көз алдыма келіп, көлбеңдей береді… 

Сонымен, Түлкібас атауын Түркібасыға өзгерту бүгінгі ұрпақтың тарихи парызына айналып отыр

 

дегендей ой-тұжырым жер атын өзгертуге емес, осы бағытта зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізуге түрткі, қозғау және игі тілек-ниет ғана бола алады.

 

Сондай-ақ түркі дейтін ғана емес, түлкі дейтін де аңыздың барлығы осыған, әуелі қайсысы дұрыс, қайсысы бұрысын анықтап алуға міндеттейді. Әсіресе ғылым-білім жетілген бүгінгі таңда тілші, тарихшы, жертанушы, елтанушы ғалымдар аталмыш аңызды нақты мәліметпен жарақтандыруы, Түркібасы екенін долбарлай емес, анықтап айтуы тиіс-ақ. Мысалы, бұл жердің Түркібасы аталғанын қалау бір басқа да, олай аталғаны туралы нақты немесе қандай да нанымды мәлімет келтіру бір басқа. Сірә, ойлау, қалау адамның өз ішінен ғана шығып қоймай, басқаларды да солай ойлататындай, сөзге келмей қолдататындай және жоққа шығара алмайтындай дерекке негізделгені жөн болады әрі мақсатқа да жеткізеді. Яғни шешім қабылдау бар да, ол шешімді негіздеу, маңыздау, салмақтау бар. Әкімнің әкімдігі шешім шығаруға қатысты батылдығынан, адалдығынан, көрегендігінен көрінсе, зерттеушінің зерделілігі сол шешімнің, дұрыс-ау деген ойдың шынымен дұрыстығына көптің көзін жеткізе білуінен көріне алмақ.

 

Осы ретте

Ученым известно, что в  советское время историческое название района было искажено [2],

Түлкібас деп аталып жүрген қазіргі ауданның ежелгі аты – Түркібасы. Осы Түркібасы өлкесінде … өткен дәуірлерде Үйсін мемлекетінің негізін қалаған Үйсін баба дүниеге келіп хандық құрғандығын, Батыс Түрік хандығының Басы болып, Естемес хан билік жүргізген жер екендігін бірқатар ғалым-тарихшыларымыздың еңбектерінен біліп жатырмыз [3],

Ауданның аты бұрмаланғаны көпшілікке де, тарихшы ғалымдарға да белгілі. Ол жайлы академик Әділбек Байбатша, профессор Мекемтас Мырзахметов те айтып жүр. Тарихи дерек бойынша, 6-7 ғасырда бұл жерде атақты түрікбасы Естемес Дулы Қаған шатырын тігіп, ел басқарған, ... Соның құрметіне тау Түркібасы деп аталып кеткен [4]

 

дегендей сөздер де көп айтса көнді, жұрт айтса болды дегенді негізге алып және көппен көрген ұлы той деп, дүрмекке ілесе айтылатын жалпылама сөз ғана бола алады. Сондай-ақ мұндайда айтып жүру, айтқан болу аз, ол арнайы және жауапты түрде, кесіп-шешіп, анықтап-айғақтап айтылуы тиіс.

 

Ал тарихшы Әлімғазы Дәулетхан еңбектерін негізге ала айтылған:

Осы «Түркештер» еңбегі Түлкібасы жаңылыс ат, Түркібасы тарихи ат екеніне айқын негіз болып табылады. … Сол Сүзеген қаған (Сулуқ) ордасы Түркібасы төбесіне тігілген. …. Түркі-Түркеш қағандары Арыс пен Құлан өзендері қосылған тұстағы осы төбеге орда тіккендіктен, Түркібасы атанған [1]  

 

дегендей тұжырымдардың да ырастығы, қыйсындылығы осы тұрысынан көрініп тұрған жоқ. Сірә, бұлай деуге нақты қай еңбектің, қай бетіндегі, қай мәлімет айқын негіз болып тұрғаны қуана, жіпке тізіле келтірілуі, қыйыннан қыйыстырыла туындатылуы керек еді.

 

Әрине, Түркібасы атауына қатысты біз іздеу салып отырған нақты мәлімет В.Бартольд жазбасында кездеседі. Алайда

 

Тарих ғылымының корифейі … Бартольд … Түлкібас – мүлде қате атау, дұрысы – Түркібасы. Бұған р-ға тілі келмейтін қытайлар да әсер еткен» деп жазған [1] … жазған екен [5]  немесе  В.В.Бартольд … бұл жердің ертеректе Түркібасы аталғанын, ал, Түлкібасы атауының кейінірек жаңылыс айтылғанын алға тартыпты …. Ендеше, академик В.В.Бартольд жазғандай, Түркібасының әуелгі атауы өзгеріске ұшырап, ел арасында Түлкібасыға айналып кетуі бек мүмкін [6]

 

дегендер осы жол иелерінің В.Бартольд сөзін өзінше пайымдап «жетілдіре» айтуы, өз ойының ыңғайына бейімдей өрбітуі, өзгертуі болып шыққан. Яғни Бартольд Түлкібас – жаңылыс айтылған, мүлде қате атау, ол р-ға тілі келмейтін қытайлардың ықпалымен өзгеріп кеткен демеген. Д.Қыдырәлінің осы орайдағы басқа мәліметтері де нақтылауды қажет етеді әрі әсіресе Манас жырынан келтіргені Түркібасы үшін маңызды болуы мүмкін.

 

Ал әуелгі Түркібасы-ның сөйлеу тілі, жұрт аузында Түлкібас болып кетуіне, яғни рл айналымына келер болсақ, бұл мақалада [6] бір сөздің екі нұсқасының мысалы ретінде салыстырылған қаперімде мен қапелімде-нің екеуі – екі басқа сөз. Мұсылман-ның екінші нұсқасы делінген мұсырман да – қазақ тілінде, сөздіктерінде жоқ және мұсылман-ды орыстың басурман деуіне еліктей айтудан шыққан бұзық сөз сыңайлы. Залал мен зарар болса – екеуі де далал және дарар деген әрі мағыналары толық бірдей емес арап сөздері [7].  Жалпы қазақ тілінде түлкі, түркі, түлік, түрік сыйақты өзалдына «л» немесе «р» арқылы айтылатын сөздер өте көп, дегенмен олардың рұқсат – лұқсат – ұрықсат – ұлықсат сыйақты «р»-дан «л»-ға ауысып жатқаны саусақпен санарлық қана. Олай болса, Түлкібас Түркібас-тан шыққан, алдыңғы соңғының дыбыстық түрленімі деу қыйын.

 

  1. Мырзахметұлы М., Байғұт М., Сахабат С. Түркібасы атын қайтарайық //ЕҚ, 04.10.17, № 190;
  2. https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/pereimenovat-tyulkubasskiy-rayon-sobirayutsya-v-yuko;
  3. http://www.qazaq-alemi.kz/;
  4. http://www.inform.kz/kz/oko-tulkibas-audanynyn-atauy-turkibasy-bolyp-ozgerui-mumkin;
  5. https://rgmedia.kz/ongtustikte-turkibasy-degen-audan-pajda-bolady/;
  6. Қыдырәлі Д. Түлкібас атауы қайдан шыққан //http://okg.kz/article/?id=12360&slug=t-lkibas-atauy-kajdan-shykkan;
  7. Мамырбекова Г. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі, А., 2017, 656 б.

 

Осы тақырыпты алдыңғы және келесі мақалалар

  1. «Түркі» деуге не негіз? — http://turki.kz/t-rki-deuge-ne-negiz
  2. «Түркі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negizi
  3. «Түлкі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negiz
  4. Көпшілік: дұрысы — Түлкібас емес, Түркібас дейді екен — http://turki.kz/k-pshilik-d-ry-sy-t-lkibas-emes-t-rkibas-dejdi-eken
  5. Ғылым: «Түлкібас емес, Түркібас» депті, ал дәлелі … —  http://turki.kz/y-ly-m-t-lkibas-emes-t-rkibas-depti-al-d-leli
  6. «Түлкібас» түлкібасты әулиеден шыққан деген де бар — http://turki.kz/t-lkibas-t-lkibasty-ulieden-shy-an-degen-de-bar
  7. Түргеш қағанатының ордасы Түлкібаста тұрған ба? — http://turki.kz/t-rgesh-a-anaty-ny-ordasy-t-lkibasta-t-r-an-ba
  8. Айта-айта «Түркібас» «Түлкібас» болған ба? — http://turki.kz/ajta-ajta-t-rkibas-t-lkibas-bol-an-ba
  9. Бартольдтың Түлкібас емес, Түркібас дегені ырас па? — http://turki.kz/bartol-dty-t-lkibas-emes-t-rkibas-degeni-y-ras-pa
  10. Бартольдтың Түлкібас туралы өз сөзі — http://turki.kz/v-bartol-dty-t-lkibas-turaly-z-s-zi
  11. «Түлкібас» пен «Түркібас» туралы Бартольд сөзінің мәнісі — http://turki.kz/tulkibas-pen-turkibas-turaly-bartold-sozining-manisi
  12. Ал ғылым не дейді, Түлкібас па, Түркібас па? — http://turki.kz/al-ghylym-ne-dejdi-tulkibas-pa-turkibas-pa
  13. Алыстағы түріктің қазақ жеріне қатысы — http://turki.kz/alystaghy-turikting-qazaq-zherine-qatysy
  14. Түркі әлемінің қапыда кеткен қасқыры — http://turki.kz/turki-alemining-qapyda-ketken-qasqyry
  15. Түлкінің басына байланған бақ па еді — http://turki.kz/tulkining-basyna-bajlanghan-baq-pa-edi
  16. 16-мақала: Түлікбас өңірі «Түлік басы» деп те аталған — http://turki.kz/16-maqala-tulkibas-ongiri-tulik-basy-dep-te-atalghan
  17. 17-мақала : «Түлік басы» тіркесінің «Түлкібас» деген сөзге айналу себебі — http://turki.kz/17-maqala-tulik-basy-tirkesining-tulikbas-degen-sozge-ajnalu-sebebi/
  18. 18-мақала : «Түлікбас»-тың «Түлкібас»-қа айналу себебі — http://turki.kz/18-maqala-tulikbas-tyng-tulkibas-qa-ajnalu-sebebi
  19. 19-мақала : «Түлкібас»-тың «Түлікбас»-тан несі артық? — http://turki.kz/19-maqala-tulkibas-tyng-tulikbas-tan-nesi-artyq
  20. 20-мақала : Әуелгі «Түрік басы»-ға «Түлік басы» атауының үстемелену себебі — http://turki.kz/20-maqala-auelgi-turik-basy-gha-tulik-basy-atauynyng-ustemelenu-sebebi/
  21. 21-мақала : «Түркібас»-тың ұмытылып, «Түлкібас»-тың қалу себебі — http://turki.kz/21-maqala-turkibas-tyng-umytylyp-tulkibas-tyng-qalu-sebebi/

 

Кілттік сөздер:
Алдыңғы мақала
Келесі мақала

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*