Тақпақтау да өнер ме?

сүйрет : Nwcod.com
Ыспан
Мен айтамын тақпақ, Совет елін мақтап деп талайымыздың таңдайымыз тақылдаған кез болған. Алайда біз сол бала кездің өзінде-ақ …
… мұны әлдебір өнер, бүкіл халыққа сатуға болатын, саудаға салатын дүние көрмеуші едік. Айт деген соң айтатынбыз. Айтатынбыз да қоятынбыз.
Ал бүгінде түрлі сақына, телебеттен (теле экран) Абай өлеңдерін келсін-келмесін қандай да дауыс реңкімен боямалай салып, мысалы, бақыра, шақыра немесе әлдебір кідіріс (пауза) жасай қойып оқу, «толғау» дәстүрі етек алып келеді.
Сірә, туындысының тоқсан пайызы қазақтың кем-кетігін улы сия, ащы тілімен сынап-мінеуге арналып, мыңмен жалғыз алысып, халқым надан болған соң қайда барып оңайын деп, жылай да жылай, жырлап емес, жылап өткен Абай өлеңдерін өз табиғатына сай оқып, жүрекке жеткізе, жанды қозғай алу үшін оқушының өзі оны терең түсінуі, біраз жасқа келген, Абай жасына жақындаған болуы, ұлы ақын тағдыры мен толғанысын белгілі бір дәрежеде өз басынан кешкен болуы керек-ақ.
Ал «жасқа жас, ойға кәрі едің» деп, өз жасынан әлдеқайда, әлдеқашан асып кеткен Абай әлеміне бойлап, «шығандап ойланбақ» түгілі тойдан тойға, кинодан киноға секіріп, ойын-күлкі, сауық-сайранды ғана күйттеп, мұрын сіңбіруге уақыт таппай жүретін жас, жұлдыз, жылтырақ әртістердің аяқастынан Абай бола қалуы, Абайша сарнап-зарлауы көңілге қонбайды-ақ.
Мысалы, сөзді адам біткеннің бәрі айтады, тек оның бәрі шын болмайды, шынайы шықпайды және әнді де нотаға сай етіп айтып шығудың бәрі ән болмайтынын басқа білмесе де, әнші білсе керек еді.
Абайға қатысты басқа мақалалар тізбегі :
- «Өлең — сөздің патшасы» емес, басқасы — http://turki.kz/le-s-zdi-patshasy-emes-bas-asy;
- «Өлең — сөздің патшасы» бола алмайды да — http://turki.kz/le-s-zdi-patshasy-bola-almajdy-da;
- Абайға жапқан жала бұл — http://turki.kz/abajgha-zhapqan-zhala-bul/;
- Ажал аузында жатқан сәттегі — http://turki.kz/azhal-auzynda-zhatqan-sattegi-tort-sekund/;
- Тақпақтау да өнер ме? — http://turki.kz/taqpaqtau-da-oner-me;
- Адасқан Абай ма, әлдебір ағай ма?! — http://turki.kz/adasqan-abaj-ma-aldebir-aghaj-ma;