Тіл ұшында тұратын бұзық әлде түзік сөз

сүйрет :Cbs-irkutsk.ru
Ыспан
Сірә, адамның іші, ділі, ойы бұзылған соң, сол ойдың көрнісі саналатын тілі де бұзылмасқа, тіпті ойынан да асып түсіп, сөзінің бәрін бұрмалап, жырмалап жатпасына, оны толық айтып жатуға ерініп, жартысын жұтып қоймасына, қалаған жерінен үзіп тастап, қысқа қайыра салмасына амалы да жоқ.
Мысалы, жастар тіліндегі тұрық (тұрмыз), жатырық (жатырмыз), барасыңыз ба (барасыз ба), біреусі (біреуі) сыйақты қолданыстар – осындай діл азу, тіл азуының көрнісі, ал бір рез, екі рез дегендер – қазақтың рет-і мен орыстың раз-ының қосындысынан шыққан жаңалық, жаңа сөз екені белгілі.
Осы ретте сөйлеу тілімізде оңды-солды әрі аңдаусыз қолданылып жүрген аняқ, мыняқ, сыняқ, бұяқ, ояқ, сояқ, қаяқ, бүйер, өйер, сөйер, сүйер, сүйт, бүйт, бійт, үйт сыйақты қысқа нұсқалар туралы көпшілік көзқарасы біржақты емес екені, бұларды бірі — жөн сөз, бірі — кем сөз санайтыны байқалады.
Ырасында қалай, бұларды бұзық дейміз бе, түзік дейміз бе? Ійә, айтыңыздар, кім, не дейді?
1-мақала, жалғасы болады
Тілдің дүп басқан таңбасынан жаңылғандар көп қой қазір… Бай тілді жай тілге айналдыра салу, бұл бүгінгі заман жүйесі. Ана тіліміздің құнарына құмарын қандыра алмайтындарды »құнсыздар» деген жеткілікті. Ғасыр ғасырыменғой көке, қайсысына қақпақ бола аласың. »Тілімізді түзейміз деп 40 жерден мақала жазғанша, 40 адамды қазақша сөйлеткен дұрыс» деп айтқаны бар еді Қазақтың маңдайына біткен на