«Трасса»-ның қазақшасы

сүйрет : Otvet.mail.ru
Ыспан
термин |
трасса
|
сөз төркіні |
‒ нем. тrasse — направление линии, пути [7]. ‒ нем. тrasse от фр. trace — черта [13].
|
шетелдік атаудың дыбыстық кемістігі
|
– трасса – сөзі басында екі дауыссыз, ортасында екі «с» дыбысы қатарласуы қазақ тілі дыбыстау жүйесіне жат құбылыс. Таза қазақша айтсақ, бір «с» мен сөз соңындағы «а» дыбысы түсіп қалып, тырас болады.
|
түсіндірмесі |
– 2-мәні: Междугородная дорога … [1].
‒ Маршрут движения каких-либо транспортных средств; то же, что автострада; относительно прямая и без резких поворотов дорога для перемещения транспорта, часто скоростная, с огороженными по сторонам движения, полосами в несколько рядов [2]. – Направление прохождения, пролегания чего-л. (дороги, трубопровода, канала и т.п.) – Дорога, путь – Светящийся или дымовой след, отмечающий траекторию полета снаряда, пули, реактивного самолета и т.п. – Строго ограниченная воздушная полоса над местностью …. [3].
– Путь, маршрут, тракт; план, чертеж; линия, магистраль; дорога, след, колея, артерия [4-5], шоссье, автострада, проспект.
– Направление линии дороги, канала, трубопровода. Т. линии электропередачи. Провести путь по новой трассе – Путь, дорога. Автомобильная т. Воздушная т. Горнолыжная т. – След, оставляемый в воздухе трассирующей пулей, ракетой, снарядом [6].
– Линия, определяющая путь движения или продольную ось дороги, трубопровода и т. п. сооружения большой протяженности – Утвержденный маршрут полетов транспортных самолетов между аэропортами и определенными пунктами с необходимым оборудованием – Светящийся след, отмечающий траекторию полета снаряда, пули и т. п. [7-8].
– Это какой-то путь движения транспорта из одной точки в другую. Она может быть автомобильной, воздушной, водной, лыжной, трассой метрополитена [9].
– Автострада: то же, что автомагистраль; – автомагистраль: дорога для массового скоростного движения автотранспортных средств, не имеющая пересечений на одном уровне с другими путями [10].
‒ Путь, дорога, а также дистанция соревнований [11-12].
|
трасса түсінігінің ұғымдық белгісі |
1 – із (айшықты із, із нобайы), – бағыт (бағдар), – сызық, – арақашық.
2 – айшықты жол, жарқырап (сонадайдан көрініп) жатқан жол, тура (түзу) жол, кең (үлкен) жол, дара(ланған) жол, бөлектелген (бөлекше) жол, белгіленген жол, тұрғылықты жол, үлкен екі ортаны қосып жатқан басты жол.
|
мүмкін балама, оның түсіндірмесі |
қасқа жол: Қасқа – 1. Малдың негізгі түсінен басқа маңдайында болатын дақ, жолақ; Анық қасқа жол – Тура, айқын, даңғыл жол; Қасқа жол – а) Тауды, белді тік асатын жол, ә) Алға қойған айқын мақсат, ұстанған бағыт; Қасым ханның қасқа жолы [14].
|
әр баламаның ұғымдық белгісі
|
қасқа – айшықты, – дара, – жеке-дара, – анық, – айдай анық. – алыстан көрінерлік, – бөлекше, – баттиып тұрған. – жарқырап тұрған, – көз тартарлық. |
біздің нұсқа, оның негіздемесі |
қасқа жол 1. Қазақ тілінде әуелден бар әрі осы трасса мәніндегі атау сөз.
2. Трасса түсінігінің басты белгілері – оның үлкендігін, түзулігін және жер бедерінен бөлектеліп, алыстан жарқырап көрініп жататындығын толық береді.
Әрине, қазақ жолға асфальт төсемеген. Бірақ, қасқа жол деп ен даланың төсінде көз ұшынан жарқырап көрініп жататын, оның бірде о жерінен, бірде бұ жерінен көрініп қалып тұратын, үлкен, басты жолды айтқан. Осылай үзік-үзік ізге ұқсап жатқан жол бедері қазақ көзіне жердің қасқасы құсап көрініп, сол себепті оны қасқа жол атаған. Бұл бір жағынан жер бетінде ерекше бөлектеліп, қасқиып жатқан жол дегенді білдіреді әрі осының бәрі де трасса түсінігіне толық сай келеді. Тіпті, қазақ бұлай атамаған күннің өзінде, осы күнгі трассаға түсірілген ақтаңдақ жол белгілерінің өзі оны қасқа жол деп атауға толық негіз болады.
Лысый – қасқа: лысая голова – қасқа бас, лысый холм – қасқа дөң [15].
|
Мақала мәліметін жыйнаған:
Қадірсізова Айдана, ҚызПУ түлегі (2012)
Ұсыныс бізден, жетілдіру сізден болсын, қымбатты дос!
- Новейший словарь иностранных слов и выражений, Минск, 2007, 976 б.
- ru.wiktionaru.org/wiki/;
- classes.ru – Словарь Ефремовой;
- Большой иллюстративный словарь иностранных слов, М., 2003, 957 б.;
- http://dic.academic.ru/dic.nsf/dic_fwords: Словарь иностранных слов русского языка;
- www.classes.ru — Словарь Ожегова;
- www.classes.ru — Толковый словарь «Большая советская энциклопедия;
- scnc.ru;
- saenta.ru;
- http://jeck.ru/tools/SynonymsDictionary/ Словарь русских синонимов;
- www.alivelife.net/index.php;
- tuninglibrary.ru/slovar-terminov/slovar-avtogonochnyh-termino…;
- slovopedia.com;
- Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 15 том, А., 2011-ж.
- Сауранбаев Н.Т. Орысша-қазақша сөздік, М., 1954, 935 б.