Түлкі заманның қырағы қырандары

сүйрет :Asiaplustj.info
Ыспан
Заманың түлкі болса, қыран болып шал деген о баста дұрыс-ақ айтылған еді. Алайда …
… осыдан бірнеше жыл бұрын қазақтың әлдебір ыспорттық тележүргізушісі :
ойын алаңынан шыға сап әлдекімге телепон соғып тұрған еуропалық аяқдоп жұлдызы туралы «мен білсем, ол пәлен деген досына ызбандап тұр» деп өз өнерін бір асырып қалып еді.
Осыдан тағы да 16-17 жыл бұрын жеңіс күніне орай өткізілген бір кездесуде қазақтың тағы бір «командор» қайраткері :
«9-мамыр күні кешке Берлин маңындағы 300-дей қазақ жыйналып, бір жылқыны атып алып тойлап жатқанымызда Мұстапа Шоқайдың жұбайы келіп тұр, сізбен жолыққысы келеді деген хабар келді. Мен ондай «изменника родина»-ның әйелімен кездеспеймін деп кіргізбей қойдым» деп күпсінген еді.
Ал Мұстапа Шоқайдың өзі сонау 30-жылдары «Кеңестер билеген Түркістан» деген еңбек жазды.
Ал бүгінгі өміріміз кеңестің билеуінде болмаса да, орыстың, орманның, сыртқы жау, ішкі билердің илеуінде өтуде. Үйткені, кешегі «қараңғы» қазақтың дегені олай болғанымен, бүгінгі ғұлама әрі қырағы қазақтың деген-істегені бұлай болып отыр.
Әрине, тірлік бір сәтте-ақ оңалып кетпейді. Дегенмен, ол бірте-бірте-ақ өзгеруі үшін де басымызда айдаладағы әлдекімнің тағы кімге телепон соққанынан гөрі осы айдауда кеткен мал, қамауда жатқан жан туралы ой тұруы керек-ау деген ой келеді.