Түлкінің басына байланған бақ па еді

сүйрет :Bidspirit.com
Ыспан
Түлкібас ауданының орталығы бұрынғы Ванновка әуелі де Лисицын деп [1] аталған да екен. Сондай-ақ …
… Бартольд та өз жазбасында: Түлкібас тауы өзінің аты айтып тұрғандай, түлкінің басына ұқсайды [1] деп, Түркібас-ты айтып қана қоймай, Түлкібас атауын ырастап та кетті ғой.
Осы тұста патшалық Ресей, оның арнайы тапсырмамен келген ғалымы В.Бартольд өздеріне бодан елдегі жер аты, ел атының түркі емес, түлкі сөзі арқылы аталуына мүделі болуы мүмкін бе деген сұрақ қоюға, сірә, толық қақылымыз.
Әрине, жер-суға арнайы түрде ат беру мен оны халықтың көзге бірінші болып түсетін қандай да белгісі бойынша жол-жөнекей атап кету, атай салуы арасында үлкен айырма бар.
Мысалы, халықтық атау арнайы келісім, ресми шешім, асқан ақыл негізінде тумайды. Онда қандай да саяси реңк те, оны қалай да түлкі емес, барыс деп атау мүдесі де болмай, неге ұқсаса, сол арқылы аталына салады да, онан ары біреуден біреу алып бүкіл жұртқа тарап кетеді.
Тек түркі жұртында түлкіге байланысты жер атауы кезіге бермейтіні, түлкіні үлгі тұтпайтыны [3] да күмән тудырмайды.
Дегенмен түлкінің басын еске түсіреді деген Бартольд сөзінің шындыққа алыс-жақындығын Түркібасы төбесінің пішініне қарап-ақ анықтауға болады. Ол үшін аталмыш төбені бір айналып, басына шығу, жан-жағын бір шолудың өзі жеткілікті.
Айтса айтқандай, ешқандай ұқсастық таппайсыз және бұл төбені күнде көріп жүрген жергілікті жұрт та мұнда ешбір түлкітектіліктің жоғын, ондайды ешқашан аңдамағандарын айтады.
Сонда елде де, жерде де, тілде де, ділде де жоқ, болмаған Түлкібасты кім, қайдан шығарды? Жанына жақпайтын, көңіліне қонбайтын сөзді жұрт аузына салып қойып, бірнеше ғасырдан бері айтқызып келе жатқан кім, не күш?
Сондай-ақ «Түлкібас өте ежелгі ат дей алмаймыз. Әйтеуір бабаларымыз оны жер бедеріне қарап қойғаны ақиқат» [4] дегендей, ол шынымен түлкінің төбесіне тартып тумаса, Түлкібаста «түлкі» адасып қайдан жүр дегендей сұрақтар туады?
Осы тақырыпты алдыңғы және келесі мақалалар
- «Түркі» деуге не негіз? — http://turki.kz/t-rki-deuge-ne-negiz
- «Түркі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negizi
- «Түлкі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negiz
- Көпшілік: дұрысы — Түлкібас емес, Түркібас дейді екен — http://turki.kz/k-pshilik-d-ry-sy-t-lkibas-emes-t-rkibas-dejdi-eken
- Ғылым: «Түлкібас емес, Түркібас» депті, ал дәлелі … — http://turki.kz/y-ly-m-t-lkibas-emes-t-rkibas-depti-al-d-leli
- «Түлкібас» түлкібасты әулиеден шыққан деген де бар — http://turki.kz/t-lkibas-t-lkibasty-ulieden-shy-an-degen-de-bar
- Түргеш қағанатының ордасы Түлкібаста тұрған ба? — http://turki.kz/t-rgesh-a-anaty-ny-ordasy-t-lkibasta-t-r-an-ba
- Айта-айта «Түркібас» «Түлкібас» болған ба? — http://turki.kz/ajta-ajta-t-rkibas-t-lkibas-bol-an-ba
- Бартольдтың Түлкібас емес, Түркібас дегені ырас па? — http://turki.kz/bartol-dty-t-lkibas-emes-t-rkibas-degeni-y-ras-pa
- Бартольдтың Түлкібас туралы өз сөзі — http://turki.kz/v-bartol-dty-t-lkibas-turaly-z-s-zi
- «Түлкібас» пен «Түркібас» туралы Бартольд сөзінің мәнісі — http://turki.kz/tulkibas-pen-turkibas-turaly-bartold-sozining-manisi
- Ал ғылым не дейді, Түлкібас па, Түркібас па? — http://turki.kz/al-ghylym-ne-dejdi-tulkibas-pa-turkibas-pa
- Алыстағы түріктің қазақ жеріне қатысы — http://turki.kz/alystaghy-turikting-qazaq-zherine-qatysy
- Түркі әлемінің қапыда кеткен қасқыры — http://turki.kz/turki-alemining-qapyda-ketken-qasqyry
- Түлкінің басына байланған бақ па еді — http://turki.kz/tulkining-basyna-bajlanghan-baq-pa-edi
- 16-мақала: Түлікбас өңірі «Түлік басы» деп те аталған — http://turki.kz/16-maqala-tulkibas-ongiri-tulik-basy-dep-te-atalghan
- 17-мақала : «Түлік басы» тіркесінің «Түлкібас» деген сөзге айналу себебі — http://turki.kz/17-maqala-tulik-basy-tirkesining-tulikbas-degen-sozge-ajnalu-sebebi/
- 18-мақала : «Түлікбас»-тың «Түлкібас»-қа айналу себебі — http://turki.kz/18-maqala-tulikbas-tyng-tulkibas-qa-ajnalu-sebebi
- 19-мақала : «Түлкібас»-тың «Түлікбас»-тан несі артық? — http://turki.kz/19-maqala-tulkibas-tyng-tulikbas-tan-nesi-artyq
- 20-мақала : Әуелгі «Түрік басы»-ға «Түлік басы» атауының үстемелену себебі — http://turki.kz/20-maqala-auelgi-turik-basy-gha-tulik-basy-atauynyng-ustemelenu-sebebi/
- 21-мақала : «Түркібас»-тың ұмытылып, «Түлкібас»-тың қалу себебі — http://turki.kz/21-maqala-turkibas-tyng-umytylyp-tulkibas-tyng-qalu-sebebi/
- Мырзахметұлы М. Қазақ қалай орыстандырылды? А., 2011, 400 б. – 362-б.
- Академик В.В.Бартольд Сочинения т. 4 (Работы по археологии, нумизматике, эпиграфике и этнографии), М., 1966, 112-б.
- Қыдырәлі Д. Түлкібас атауы қайдан шыққан //http://okg.kz/article/?id=12360&slug=t-lkibas-atauy-kajdan-shykkan.
- Қамзабекұлы Д. Тіл. Білік. Дәстүр //Тіл саясаты: тағылым мен тәжірибе, А., 2006, 256 б. (90-б.)