ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

«Түсік – ай-күніне жетпей туу» деппіз. Осымыз дұрыс па?

әкімшілік 17/04/2019 1332 рет қаралды

сүйрет : Zen.yandex.ru

Ыспан

 

Дәрігерлік саладан бір қауым сөздік шығарып, тілі, діліміздің қазақшалануына үлкен үлес қосып жүрген Мухамбедия Ахмет-Төре ағамыз өзінің жеке парақшасында …

 

… « …маған сенбесеңіздер 106 000 сөзді қамтыған үлкен ҚАЗАҚ СӨЗДІГІНЕ көз жүгіртіңіздерші. «Түсік» деген ай-күніне жетпей, шала-жансар немесе өлі, ерте түсіп қалған шарана, шақалақ» [1] деп тұр дейді де, өз тарапынан «ал түсік-тің орысшасы – недоносок (преждевременно рожденный плод)» [2-3] дегенді қосады.

 

Кез келген таласқа төреші болуы тиіс Бас сөздікте де:
«Түсік – … 2. Ай-күніне жетпей, не ерте туылған шарана. Ақбота алғаш құрсақ көтергенде қатты ауырып, түсік тастады (Д.Досжанов, Кісі)» [4] делініп, түсіндірмесі – туылған, келтірген мысалы – тасталған деп, бір-біріне қайшыласып қалса,

Тағы бір бас сөздік өлі туған деген сөз тұрып, «мертворожденныйтүсік» [5] деп, бұл да айдалаға лағып-баққан.

 

Ырасында, түсік пен ай-күніне жетпей туу, недоносок дегендер бір нәрсе ме?

 

Мысалы, арнайы әдебиетте 28 аптаға дейінгі түсік немесе жүктіліктің үзілуі де, одан кейінгі шала туылған немесе мезгілінен бұрын босану саналады [5-6] әрі түсік түсуі, тасталуы үшін ұрық әуелі өледі [7] екен.

 

Яғни түсік-ті ай-күніне жетпей, не ерте туылған [1, 4] деп анықтаған екі Сөздік те өтірікші деген сөз.

 

Сондай-ақ түсік-тің орысшасы недоносок емес, выкидыш та, недоносок – шала туған болса керек. «Недоносок – ребенок (или детеныш), родившийся до истечения нормального срока беременности – Ведь она могла родить мертвого или недоноска» [8] деген анықтама, мысал да осыны ырастайды.

 

Алдыңғы және келесі мақалалар

  1. Ахмет-Төренің «аборт»-ына айтарым — http://turki.kz/ahmet-torening-abort-yna-ajtarym
  2. «Түсік — ай-күніне жетпей туу» деппіз. Осымыз дұрыс па? — http://turki.kz/tusik-aj-kunine-zhetpej-tuu-deppiz-osymyz-durys-pa
  3. «Аборт» па, «түсік» пе — таразға тартайық — http://turki.kz/abort-pa-tusik-pe-tarazgha-tartajyq
  4. «Делать аборт — түсік түсіруді жасау» десек, бұған не дер едіңіз? — http://turki.kz/delat-abort-tusik-tusirudi-zhasau-desek-bughan-ne-der-edingiz
  5. Орыс көршісі соқыр шығып, бір көзі содан қысық қазекең — http://turki.kz/orys-korshisi-soqyr-shyghyp-bir-kozi-sodan-qysyq-qazekeng
  6. Ахмет төренің ов-шылдығы ұстап айтқаны — http://turki.kz/ahmet-torening-ov-shyldyghy-ustap-ajtqany
  7. Академик апамыз бен ағамыздың аласы мен шаласы — http://turki.kz/akademik-apamyz-ben-aghamyzdyng-alasy-men-shalasy
  8. Ахмет Төренің ажырағысы келмейтін асыл сөзінің аржағы — http://turki.kz/ahmet-torening-azhyraghysy-kelmejtin-asyl-sozining-arzhaghy

 

  1. Қазақ сөздігі (Қазақ тілінің бір томдық үлкен түсіндірме сөздігі, құраст. Н.Уәли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малбақов, Р.Шойбеков т.б.), А., 2013, 1488 б.
  2. Мухамбедия Ахмет-Төре, 10 ч. (10 сағат бұрын) 13.02.19, 13:15
  3. Медицина терминдерін қалай қазақшалап жүрміз? //Егемен Қазақстан, 06.06.18
  4. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 14-т. (М.Малбақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят), А., 2001, 800 б.
  5. Сауранбаев Н.Т. ОРысша-қазақша сөздік, М., 1954, 935 б.
  6. Шала туылған бала. Күтім және тамақтандыру ерекшеліктері //https://studopedia.info/8-10435.html
  7. Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің жиілігі, негізгі себептері //https://studopedia.org/4-132754.html
  8. Что такое выкидыш //https://www.gazeta.ru/science/2012/04/28_a_4566701.shtml
  9. Значение слова «недоносок» //https://kartaslov.ru
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*