ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Тышқанын да сөз қылған деп айтатын-ақ жер

әкімшілік 14/02/2022 411 рет қаралды

 

сүйрет : natalyland.ru

Ыспан

 

Ұлы сөзде ұят жоқ. Ең бастысы – қазақты сөз жүзінде, сөз жүзінде ғана ….

 

…сүйгіш те, сірә, іс жүзі, шын мәнінде иттің етінен жек көретін, жек көретінін көбіне өзі де аңдай қоймайтындардың бір белгісі – сөздері салт-дәстүр өткен заманның ермегі, біз 21-ғасырда отырмыз, өзім қазақпын, бірақ ырым-сырым дегенге сенбеймін, тек ғылымға сенемін боп келеді және сүйте тұра қашан да басқа, өздері табынып туған жұрттың кез келген ырымын ұстанғыш болады.

 

Екіншіден, көбнесе нәпсіні тұсап-тізгіндей білуді үйретуге, соны дағды етуге бағытталған ырым-тыйымды 21-ғасырдың рақаттан бас тарта алмайтын, күні-түні тек соны ойлап-күйттейтін жастарының жақтырмау, жек көруі түсінікті де.

 

Үшіншіден, ғылымға арқа сүйейтін болу жақсы-ақ. Бірақ ғылымға ғана сену үшін оның бәрін біліп біткен болу керек. Яғни ұлы ғылымның атасы дерлік бір кісі «мен неғұрлым көп білген сайын түк білмейтініме көзім жете түседі» деп баяғыда-ақ айтып кеткен. Әрі адам-ата ғылымның бүгінгіден әлдеқайда аз, ырымның көп кезінде де бүгінгілерден әлдеқайда бақыттырақ, ақылдырақ, дұрысырақ, имандырақ болған.

 

Ал тышу – ырасында да ұлы сөз. Үйткені онсыз ішу де болмас еді. Яғни ағза үшін улы қоқыс болып табылатын шіріндінің дер кезінде тысқа шығып тұруы өте маңызды. Мысалы, басқа үй, басқа жерге бара қалсаңыз үлкен әжеттің келе қоймай, біраз бөгеліп қалары да белгілі немесе бұрынғының емшілері ауыр отадан шыққан адамның жел шығаруын – «жить будет» деп қабылдайтын болған екен.

 

Міне, осыны ғылымсыз-ақ білгендігі әлде сезгендігінен болса керек, қазекең баланы бесікке саларда тыштырма атты ырым-салтын жасайтын болған.

 

Алайда әлдекімнің сақына жұлдыздарының барған жер, ішкен ас, киген киімін тамсана айтуын – тышқанын да жыр қылды дейтіні сыйақты, 21-ғасырдың жаппай жұлдыздары да мыңдаған жылдан келе жатқан бұл ырымды күле қабылдарына күмән жоқ.

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*