Әуелгі «Түркібас»-тың өзінен-өзі «Түлкібас»-қа айналуы мүмкін бе?

сүйрет : Burckina-new.livejournal.com
Ыспан
Зерттеуші Д.Қыдырәлі әуелгі Түркібас сөзінің құрамындағы «р»-ның сөйлеу тілі, жұрт аузында «л»-ға айналып, Түлкібас болып кетуі әбден мүмкіндігін жазады [1].
Алайда аталмыш мақалада осы «р-л» айналымына қатысты бір сөздің екі нұсқасының мысалы ретінде салыстырылған қаперімде мен қапелімде-нің екеуі – екі басқа сөз.
Мұсылман—ның екінші нұсқасы делінген мұсырман да – қазақ тілінде, сөздіктерінде жоқ және мұсылман-ды орыстың басурман деуіне еліктей айтудан шыққан бұзық сөз сыңайлы.
Залал мен зарар болса – екеуі де далал және дарар деген әрі мағыналары толық бірдей емес арап сөздері [2].
Жалпы қазақ тілінде түлкі, түркі, түлік, түрік сыйақты өзалдына «л» немесе «р» арқылы айтылатын сөздер өте көп, дегенмен олардың рұқсат – лұқсат – ұрықсат – ұлықсат сыйақты «р»-дан «л»-ға ауысып жататыны саусақпен санарлық қана.
Олай болса, Түлкібас Түркібас-тан шыққан, алдыңғы соңғының дыбыстық түрленімі деп, бұл жайды атау ауысуының бірден-бір дәлел ету негізсіз, нанымсыз болады.
- Қыдырәлі Д. Түлкібас атауы қайдан шыққан? //Okg.kz сайтынан, 20.03.18;
- Мамырбекова Г. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі, А., 2017, 656 б.
Осы тақырыпты алдыңғы және келесі мақалалар
- «Түркі» деуге не негіз? — http://turki.kz/t-rki-deuge-ne-negiz
- «Түркі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negizi
- «Түлкі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negiz
- Көпшілік: дұрысы — Түлкібас емес, Түркібас дейді екен — http://turki.kz/k-pshilik-d-ry-sy-t-lkibas-emes-t-rkibas-dejdi-eken
- Ғылым: «Түлкібас емес, Түркібас» депті, ал дәлелі … — http://turki.kz/y-ly-m-t-lkibas-emes-t-rkibas-depti-al-d-leli
- «Түлкібас» түлкібасты әулиеден шыққан деген де бар — http://turki.kz/t-lkibas-t-lkibasty-ulieden-shy-an-degen-de-bar
- Түргеш қағанатының ордасы Түлкібаста тұрған ба? — http://turki.kz/t-rgesh-a-anaty-ny-ordasy-t-lkibasta-t-r-an-ba
- Айта-айта «Түркібас» «Түлкібас» болған ба? — http://turki.kz/ajta-ajta-t-rkibas-t-lkibas-bol-an-ba
- Бартольдтың Түлкібас емес, Түркібас дегені ырас па? — http://turki.kz/bartol-dty-t-lkibas-emes-t-rkibas-degeni-y-ras-pa
- Бартольдтың Түлкібас туралы өз сөзі — http://turki.kz/v-bartol-dty-t-lkibas-turaly-z-s-zi
- «Түлкібас» пен «Түркібас» туралы Бартольд сөзінің мәнісі — http://turki.kz/tulkibas-pen-turkibas-turaly-bartold-sozining-manisi
- Ал ғылым не дейді, Түлкібас па, Түркібас па? — http://turki.kz/al-ghylym-ne-dejdi-tulkibas-pa-turkibas-pa
- Алыстағы түріктің қазақ жеріне қатысы — http://turki.kz/alystaghy-turikting-qazaq-zherine-qatysy
- Түркі әлемінің қапыда кеткен қасқыры — http://turki.kz/turki-alemining-qapyda-ketken-qasqyry
- Түлкінің басына байланған бақ па еді — http://turki.kz/tulkining-basyna-bajlanghan-baq-pa-edi
- 16-мақала: Түлікбас өңірі «Түлік басы» деп те аталған — http://turki.kz/16-maqala-tulkibas-ongiri-tulik-basy-dep-te-atalghan
- 17-мақала : «Түлік басы» тіркесінің «Түлкібас» деген сөзге айналу себебі — http://turki.kz/17-maqala-tulik-basy-tirkesining-tulikbas-degen-sozge-ajnalu-sebebi/
- 18-мақала : «Түлікбас»-тың «Түлкібас»-қа айналу себебі — http://turki.kz/18-maqala-tulikbas-tyng-tulkibas-qa-ajnalu-sebebi
- 19-мақала : «Түлкібас»-тың «Түлікбас»-тан несі артық? — http://turki.kz/19-maqala-tulkibas-tyng-tulikbas-tan-nesi-artyq
- 20-мақала : Әуелгі «Түрік басы»-ға «Түлік басы» атауының үстемелену себебі — http://turki.kz/20-maqala-auelgi-turik-basy-gha-tulik-basy-atauynyng-ustemelenu-sebebi/
- 21-мақала : «Түркібас»-тың ұмытылып, «Түлкібас»-тың қалу себебі — http://turki.kz/21-maqala-turkibas-tyng-umytylyp-tulkibas-tyng-qalu-sebebi/
Менің білуімше, Бартольд өз уақытында сол жергілікті түлкібастық қариядан Түлкібас атауының себебін сұраған, сонда қария сөздің түркібасы дегеннен шығуы мүмкін екені туралы болжам айтқан. Сондықтан оны ақиқат деп қабылдауға болмайды. Түркібасы дегеннен шықты деуге бұлтартпас тарихи жазба дерек болуы қажет. Олай болмаса əркім: » баяғыда бір атам солай деп еді» деп жұртты шатастыра береді.