Улика – айғақ па, айғаққа жата ма?

Ыспан
Бірқатар құқықтану саласы сөздіктерінде [1] және «Sozdik.kz» сайтында [2] улика – айғақ, дәлел деп берілген. Дегенмен, күнделікті өмірде жай жұрт та, маман да улика деп қолданады әрі мұның өзі айғақ-тың түсінік мәнін дәл бермейтіндігінен де.
Сондай-ақ улика және доказательство, вещдок дегендер де бір емес, ал айғақ соңғыға жақын. Улика басқа, негізгі жайларды анықтауды, дәлелдеуді қажет етеді. Ол дәлел емес, тергеп-тексеру барысында кездейсоқ болып шығуы, дәлел болуға жарамауы, қылымыс істегенге негіз бола алмауы мүмкін. Яғни тек дәлел іздеуге негіз, түрткі бола алады. Ал әуеліде күдіктенуге ғана негіз болған нәрсе, ырасталып, шынға айналса, біз оны енді ілік деп емес, дәлел немесе айғақ деп атайтын боламыз.
Аталмыш сайтта оправдать за отсутствием улик деген жаңсақтау сөйлемше мысалы келтіріліп, ол – айыптауға дәлел болмаған себепті ақтау түрінде қазашаланыпты. Біздіңше, адам улика жоқтығына, болмағанына байланысты емес, дәлел болмауына байланысты ақталуы мүмкін. Ал улика жоқтығы ақтауға емес, онан ары қуғындамауға, тергеу-тексеру, жауап алу жұмыстарын тоқтатуға негіз болса керек.
Сірә, орысша-қазақша терминдік сөздіктерде улика-ның айғақ деп беріліп жүруі – оның онан да дәлірек ілік деген баламасы барын білмеуден.
Екіншіден, улика – ілік болса, сол негізде алынатын уличать, уличение – іліктіру де дұрыс, мағыналық тұрғыда сәйкес болып шығады. Ал айғақ сөзінің туындылары мен тіркестері бұл ретте қолайсыздық танытады.
Улика—ның прямые (тура ілік), косвенные (жанама ілік) [2] деген түрлері болуының өзі оның толық дәлел емес екенін көрсетеді және улика көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты зат болмауы да мүмкін.
Пуаро киносында осы ілік улика орнына қолданылды да.
2-мақала
* Мақаланың толық нұсқасы «Улика – ілік те, уличать – іліктіру» деп аталады.
- 1. Орысша-қазақша 31 томдық терминдік сөздік: Заңтану, 30-т., А., 2000, 360 б.
- Орысша-қазақша сөздік – «Sozdik.kz» сайты