«Улика»-ны «ілік» де

сүйрет : M.fishki.net
Ыспан
Әдетте, ауызға іліге кететін улика басқа тіл сөзі болып қана қоймай, үндестік заңына қайшы жасалған, бойында қазақ тіліне жат «и» және «дауысты» «у» дыбыстары бар. Таза қазақша айтсақ, үлүйке немесе үлүйкө болар еді.
Ал мұның қазақшасы – ілік.
Үйткені, улика түсінігінің өзі
– күдік туғызушы негіз: нәрсе, зат және басқа да жай;
– жанама дәлел, дәлел болуы, дәлел орнына жүруі, дәлелге айналуы мүмкін нәрсе, қандай да ілік деген ұғымдық белгілеріден тұрса,
ілік сөзінің де
‒ қандай да іске жарарлық нәрсе;
‒ негіз, түрткі;
‒ әлдененің ұшығы, жұрнағы;
‒ қандай да байланыс, ұстасым деген белгілері бар.
Яғни екеуінің де ұғымдық белгілері өзара толық сәйкеседі. Ілік те нақты және сөзсіз дәлелге жатпайды. Тек күдікпен қарап, күмән келтіруге негіз, себеп, орысша айтқанда, зацепка ғана бола алады. Тіліміздегі ілік іздеу, ілік ету (қылу) деген тіркестер мәні де оның анық дәлел емес, қандай да сылтауға, себеп ретінде пайдаланып кетуге жарайтын нәрсе екенін білдіреді.
Сондай-ақ, ілік бүгінде басқа жер, басқа салада, басқа мәнде қолданылмайтын, қолданылып жүрмеген, бос тұрған және сол себепті бірте-бірте ұмытылып бара жатқан сөз.
1-мақала, жалғасы бар
* Мақаланың толық нұсқасы «Улика – ілік те, уличать – іліктіру» деп аталады.