ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Вряд ли дей салмай, қазақша айт!

әкімшілік 06/10/2018 2344 рет қаралды

сүйрет :  Chesspsh.ru

Ыспан

 

Орысша-қазақша сөздік вряд ли, навряд ли дегендерді болар ма екен, қояр ма екен, шүбәлі, күдікті, екі талай деп қазақшалапты [1].

 

Сірә, мұндағы шүбәлі, күдікті дегендер вряд ли-дің қазақшасы емес, тек мәністік сипатын білдіреді.

 

Ал болар ма екен, қояр ма екен дегендер де – мағыналық тұрғыда сәйкес келгенімен, штампталмаған, жеке тұрып қолданыла алмайтын әрі шұбалаңқы нұсқалар. Ешкім бұлай айтпайды, бұл реттегі әсерін болар ма екен деген сөз тұлғасымен айтып, бұлай созып тұрмайды.

 

Яғни болар ма екен – атаулық та, табиғи да емес, вряд ли-дің мәнісі не деген сұраққа жауап қана боларлық бірер реттік қолданыс, ойдың жазбаша, формалдық нұсқасы, оны синтаксистік құрылым арқылы жеткізу ғана. Бұлай айту кезінде тыңдаушыға жан әсері, көңіл күйі жетпей қалады, тіпті айтар ойдың өзі толық, дұрыс жетпейді.

 

Ал бізге керегі – вряд ли-дің мәнісі не, ол қандай мағына береді деген сұрақ жауабы емес. Оның не мағына берері кім-кімге де белгілі.

Бізге керегі – көбінесе вряд ли деп орысша қолданылып кететін сөзді қазақша қалай айтсақ болады деген сұрақ жауабы.

 

Ал мұның қазақшалары төмендегідей:

 

  1. Әй, қайдам?! Әй, білмеймін!: екі талайлықсөздікте [2] берілмеген. Мәні: өз басым сенбеймін, мүмкіндігі жоққа жақын, бола қоймас.

 

  1. Екі талай!: мүмкіндігі аздықсөздікте [2] берілмеген. Мәні: олай да, бұлай да болу мүмкін.

 

  1. Кім біледі?!: белгісіздік – Мәні: а) белгісіз, беймәлім – түсініксіз [2] – ә) бір жақты айту, болжау қиын.

 

  1. Мүмкін емес!: сенімсіздік – Мәні: а) болу мүмкіндігі жоқ, іске асуы шүбәлі, ешбір болмайды, олай болатын жөні жоқ [2] – ә) бола алмайды.

 

  1. Қайдан!?: мүмкіндігі жоқтық – Мәні: а) қайтіп, қалай [2] – ә) ешқандай негізі жоқ, негізсіз.

 

  1. Неғайбыл! – Бану Абижанова атты оқырман ұсынысы.

 

Яғни вряд ли, навряд ли сөздері арқылы жасалатын әсерді қазақ айтылу ырғағына қарай осы сөздердің бірімен береді. Бұлар осы реттегі және қазақ тіліндегі атаулық қолданыс болады.

 

 

Ұсыныс бізден, қолдау, жетілдіру сізден болсын, қымбатты дос!

*Сөздіктің толық нұсқасы Вряд ли-дің қазақшасы атты мақалада

 

  1. Русско-казахский словарь. М., 1954, 935 б.
  2. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 15 том, А., 2011-ж.
Кілттік сөздер:

You Might also Like

3 Comments

  1. Досым 10/10/2018

    Әй, қайдам… Осы келеді

    Ответить
  2. Таубек 27/10/2018

    Екі талай: болу болмауы белгісіз осы келеді

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*