ЫБЫРАЙ НЕ ЖАЗДЫ, НЕ ҚОЙДЫ?

Ыспан
ЫБЫРАЙ Алтынсарин (02.11.1841-ж. Қостанай – 30.07.1889-ж. Қостанай) – ағартушы, ұстаз, жазушы, ұлыстанушы, ауызәдебиетші, қоғам қайраткері.
оқуы:
— Атасы Балғожа би тәрбиесінде өсті;
— Орынбор шегара комиссиясының қазақ балаларына арналған жетіжылдық мектебін бітірді (1850–57).
еңбек жолы:
— Балғожа бидің хатшысы (1857–59);
— Орынбор облыстық басқармасының кіші тілмашы (1857–);
— Ағартушылық қызмет және басқа да жұмыстар (1860–79): Торғай уездік судясы: 4 рет (1868–74);
— Торғай уездік басқармасы бастығының аға жәрдемшісі (1876–79);
— Орынбор облыстық білім басқармасының нұсқаушысы (1879–).
ашқан мектептері:
— Қазақ мектебі (1864, Торғай);
— 2-сыныптық орыс-қазақ мектебі (Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз);
— Бастауыш мектеп мұғалымын даярлайтын мектеп (1888, Орскі);
— Қолөнер училищесі (Торғай);
— Қыздар мектеп-интернаты (Ырғыз), Торғай (1891), Қостанай (1893), Қарабұтақ (1895), Ақтөбе (1896).
атқарған ісі:
— қазақ арасына орыс жазуын, орысша оқу жүйесін енгізді;
— қазақтың таным-түсінігіне сай тұңғыш оқу-әдістеме құралдар, өлең, әңгімелер жазды;
— К.Ушинский, Л.Толстой, И.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақшалады.
еңбегі: 4 кітап, 2 ғылыми мақала, 40 жуық өлең, 60 жуық әңгіме және мақалдар мен жұмбақтар иесі. 1860–89-ж. аралығында мектеп, оқу-білім мәселелері бойынша өз тұсындағы білім басшылығына 90 жуық хат жазды.
— Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1879, 100 б.
— Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы, Орынбор, 1879, 44 б.
— Мұсылманшылық тұтқасы (Шәрәйт-ул-ислам), Қазан, 1884, 76 б.
— Мәктубат (қысқаша хрестоматия), Қазан, 1889, 36 б.; -1896; -1899;
— Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі //Западно-Оренбургское отделение Императорского Русского географического общества, 1870, № 1.
— Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі //Сонда.
ел аузынан жиған өлең-жырлары – 20 жуық.
— Бір ханға бір бидің жамандардан қорлық көргенде айтқан сөзі;
— Орақ батырдың баласы Әлібек мырзаның бір ханға айтқан сөзі;
— Сейітахмет деген жігіттің үйіне түсірмеген құрбысына айтқан сөзі;
— Нұржан бидің бір сөзі;
— Орынбай ақынның Ерден батырды мақтаған сөзі;
— Бір ақынның әділ төреге айтқан сөзі;
— Жанақ пен баланың айтысқаны;
— Қобыланды батыр мен Тайбуырыл;
— Шәлкездің Жәнібек ханға айтқан сөзі;
— Әбілқайыр мен Қаналы турасында;
— Шектібайдың Қарағұл дегенді мақтауы;
— Жиренше шешен;
— Тазша бала;
— Жәнібек батыр;
— Петр-патшаның тергелгені;
— Лұқпан әкім;
көркем шығармалары:
— Өзі жазған өлеңдері (20 жуық);
— Ұсақ әңгіме-ертектері (25-тей);
— Үлкен кісілер турасындағы әңгімелері (35-тей).
сүйрет: Әмір Кеңесұлы
«Қазақ ғылымы: кім, не, қайда, қашан?» (2007) атты кітаптан