ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Дүниетаным

Ғылымның өзі қатында қайын жұрт болар-болмасын білмейді екен

әкімшілік 13/10/2018 1543 рет қаралды

сүйрет : Ppt-online.org

Ыспан

 

Менің қайын жұртым – Шоқан ауылы ма деп қалдым ғой [1].

Бұл – Шалқар радиосы, Жайдарман хабарын жүргізуші келіншек сөзі.

 

Қайын жұрт деп үйленген жігіт пен тұрмысқа шыққан қыздың жағынан туысатындарды айтады.  … Осылайша келіншегі немесе күйеуінің елі, руы адамға қайын жұрт   … Жігітке әйелінің төркіні, ал келіншегіне күйеуінің туысқандары қайын жұрт болып табылатыны белгілі … [2].

Бұл – Ана тілі газетінен алынған мақала үзіндісі.

 

Фейісбүк бетінде де Келінде қайынжұрт деген болмайды деп жатады ғой. Сонда қайыната, қайынене, қайынсіңлі, қайынбике, қайны дегендер кімдер? Осының барлығы жиылып келіп жұрт болмай ма? деген мәселе көтеріліп (С.Абылбекова, 01.09.18), бұған біраз қыз-жігіт жоқ деп жауап бергенімен, көпшіліктің қатында да қайын жұрт болады деп есептейтіні байқалды.

 

Бірі – қатында қайын жұрт болады деп, бірі – болмайды деп бәстесіп қалған қыз бен жігіт жақында ғана жарық көрген Қазақ тілінің 15 томдық сөздігіне жүгінбек болып, сөздіктің жұрт, қайын сөздері тұрған беттерін ашып қараса,

 

жұртты, жай жұртты былай қойып, академиялық сөздіктің өзі: Қыз беріп, қыз алысқан екі елдің қыз бен күйеуге жақындығын білдіретін сөз [3] және Күйеу үшін қалыңдықтың туған елі, қалыңдық үшін күйеудің туған еліӘйелінің төркін жағы (ер адамға қатысты) [3-4] деп, мұны қайын сөзінде – олай, жұрт сөзінде – алай, яғни әр бетінде әрқалай түсіндіріпті. Әрі ешқайсысында да қатынның  қайын жұрты дегенді ырастап-құптарлық мысал келтіре алмапты.

 

Қалай ойлайсыз, кімі – өтірік, кімі  – ырас?

 

1-мақала, жалғасы бар

 

  1. Радио, 1065, Жайдарман хабары, 29.09.15, 13:32
  2. Қажыкен С., Қайын жұртыңды қадір тұт //Ана тілі, 28.07.16, 11-б.
  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 10 томдық, А., 1980, 5-т., 640 б.
  4. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 15 томдық, А., 2011-ж.
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*