ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Ырасында, сөз білмейтін қазаққа «қандас» қана жараспақ немесе Оралманның оңбай жүрген себебі

әкімшілік 20/11/2021 422 рет қаралды

 

сүйрет : dropzone.com

Ыспан

 

Кешегі емес, кейінгі қазақтың басына талайдан сор болып қонып, бүгінде еңсеріле қоюы оңай болмай отырған бұрыс, қырыс, тырыс нәрсесі өте көп. Ол аздай, кей еріккен ойсыздардың  жоқ жерден шығарып, сұрап алған аурулары тағы бар. Соның бірі – …

 

… оралман біткеннің көп жылдан бергі басты дауы – өз аты. Әрі мұны жай жұрт, қара халық қана емес, тілдің көсегесін көгертетді дейтін, көгертуі тиіс жазушы-жұрналшылар да бір ауыздан, жаппай қолдағыш-ақ.

 

Мысалы, олардың бірі қазақтың онсыз да азайып қалған сөзі онан ары жоғалып жатқан заманда «Оралман деген сөзді алдырып тастауды ұсындым мен» /1) деп, мұны бір мәртебе көріп жатса,

 

Жүсіпбек Қорғасбектің «оралман»-ды Тоқаев «қандас» деп өзгертіпті, осы сіздің көңіліңізге қонды ма дегеніне Қабдеш Жұмаділіп, дұрыс болды, мен де қандас деп жазыппын, үйткені оралман осында келгені ғана ғой, ал келмегендер қаншама, оларды қандас деген дұрыс деді.

 

Алайда әңгіме келгендер, бір кезде ауып кетіп қайтып оралғандар туралы ғана ғой. Ал келмеген қазақ қайда жүрсе де қазақ болып қалмай ма, олардың қазақ атын басқа сөзге ауыстыра атауда не мән бар дейтін ой ешкімнің басына келмеді.

 

Қазаққа тән тағы бір тұрақты керағарлық – қашан да бұрыс істің дұрысталуы қыйын да, керісінше, дұрыстың бұрысқа ауысуы тез-ақ болатыны, бола қоятыны. Міне, осы дәстүр бойынша бүгінде «оралман» деп қорлап-кемсітуді қойыңдар делініп, ол ресми түрде «қандас» дегенге ауыстырылып та үлгерілді.

 

Дегенмен, «қандас» – қаны, тегі бір болғанымен, бұл күнде тілі, ділі біршама басқаланып кеткен түркі жұрты, түркі әлемінің кез келгеніне қатысты айтылатын сөз. Олай болса, қай ел, қай жерде тұрып, қай жақтан келмесін, тілі мен ділі ғана емес, ұрұуы да бөлінбеген қазақты қандас деу – оны қасқа қазаққа жақындатып, тең тұттырмақ түгілі алыстату, алыс ағайын, жама ағайынға айналдыру ғана болады.

 

Ійә, 20-ғасыр қазақтың қағынан жеріген ғасыры болды. Қағынан жеру емей немене, ол осы күні-ақ шыққан, жасалған репатиранттың аудармасы ретінде және «орал» деген қалыпты әрі  жағымды-ақ сөз негізінде пайда болған «оралман»-нан безіп, мұны айтпасын дейтін заң шығаруға шейін барып отыр.

 

Ал адам қайда оралады? Басқа жақа, жат жерге, айдалаға оралмайды, ол жақа тек қана барады. Сол алыс сапарға, тіпті әскерге, соғысқа кеткендердің араға жылдар салып өз еліне, үйіне, топырағына келуі, аман-есен келуі – жай ғана келу емес, оралу болады. Мысалы, тай қазанның Түркістанға алып келінуі де – осы оралуға, оралтуға жатады.

 

Жалпы, қазақ баласының біразы қызық көріп немесе бақ қуып кең дүниені кезіп, алысқа, қайтпасқа кетуі, Айға ұшуы мүмкін. Ондайда қазақ кебін киген келмес, кебенек киген келер, түбі бір келер деп үміттенеді. Яғни ер туған жерінде немесе өз еліңде ұлтан бол дегенге сай, жел әлде тағдыр айдап, әр түрлі себеппен алысқа кеткен қазақтың түптің-түбінде өз туған жеріне келуі, сол жерден топырақ бұйыруы – бір заңдылық.

 

Ресей құрамасы сапында талай елге, жерге барған Қажымұқан кейін елге келіп, өмірінің басым бөлігін өз елінде, ағайынның арасында өткізген. Ал Әл-Фараби, Бейбарыс, М.Шоқай сыйақты біраз тұлғаларымызға ондай бақ бұйырмаған. Міржақыптың сүйегі жердің түбінен қазылып әкелініп, қайта жерленді. Ал Кенесарының, Кейкінің басын әкелу біз үшін үлкен серпіліс болар еді.

 

Ендеше, оралман оралманнан неге қашады, неге қашты деген сұрақ туады. Мұны сірә, әуелідегі жап-жақсы атынан ат-тонын ала қашып, уақыт өте келе жатсына қалған, азар да безер болып отырған оралманның өзінен сұрау керек.

 

Мысалы, «айна» және «бұлақ» дейтін тамаша сөздерден жасалған «Айнабұлақ» алматылықтар үшін әлдебір жағымсыз, дұрыс емес сөз көрінеді.

 

Дәл осылай, «Айнагүл-ау, Айнагүл, Уәдеңіз қайда бұл, Жаз деп едің қыс болды, Бұл не деген іс болды?» дегізіп, күні кеше ғана екінің бірінің әніне айналған «Айнагүл» есімін бүгінгінің сұлулары жақтыра қоймайды және әкелері де ондай атты қыздарына қоя, қолдана қоймайды.

 

  1. Дара жол, Маралтай Райымбеков ақынмен //Қазақстан т/а, 05.05.19, 11:17
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*