ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Жауырын-жамбас арасы, Сөзімнің жоқ аласы әлде шаласы

әкімшілік 12/11/2019 1667 рет қаралды

сүйрет :Tverisport.ru  

Ыспан

 

Қазақтың жыйырма жылдай тәуелсіз ел атанып, болып-толғандағы оң ісінің бірі …

 

… ұлттық күресті жаңғыртып, жандандыруы, әлемге қазақ күресі деген жаңа құбылыс ұсынуы екеніне күмән жоқ. Және оның баста, тоқта, бүк, жамбас дейтін ұлттық ұғымдар арқылы аталған атаулық жүйесі де күрестің табиғилығы мен тарихилығын, кәсіби негізділігін аңдатқандай.

 

Алайда қазақ тілі бүк деп асықтың шалқасынан түсіп, арқасымен жатуын айтады және бұлай құлауды бүк түсті деп бейнелейді. Бүк түсу кезінде күресушінің екі жауырыны да немесе екі жауырыны жамбасымен қоса, яғни арқасы толық жерге тиеді. Жаурынымен жер қаптыру деген де бар. Орысша оны «положить на обе лопатки» дейді.

 

Ал еңкейе құлап, етбетінен түсу, қолымен, тізесімен жер тіреп тұру – шік болады.

 

Сондай-ақ осы күнде қолданылып жүрген таза жеңіс, жартылай жеңіс дегендер де атау сөз емес, мәтін сөз, сыйпаттай айту, описательное название болып тұр.

 

Сондықтан бүгіндегі бүк-ті – шік, таза жеңіс-ті – бүк, жартылай жеңіс-ті – жауырын десек, бұл реттегі атаулар баста – тоқта, бүк – шік, жауырын – жамбас болып, бір жүйеге түсе қалар еді.

 

Ал адамның бір қыр, бір жанымен жантая құлауының «жауырын» болатын себебі – «жамбас» жағдайында күресуші жамбасымен түссе, бұл кезде бір жаурынымен түседі немесе жерге бір жаурынына қоса жамбасы да тиеді. Жартылай жеңіс те ең кемі бір жауырын тиген жағдайда ғана болады.

 

Сонда белден төмен жақ тисе – жамбас та, жоғары жақ тисе – жауырын болады.

Яғни «жауырын» атауы күресте қолданылып келген және қолданылуы тиіс-ақ сөз.

 

Әу бастан Қазақстан барысын үш рет аламын деп, сол сертінде тұрған және қазақ күресін әлемге насихаттап жүрген Бейбіт бауырымыз да біздің бұл ұсынысты, қазақ сөзі жауырын мен шік-ті қолдайды деп ойлаймыз.

1-мақала, жалғасы бар

Келесі мақалалар

  1. Айтылған сөз атылған оқ емес деп кім айтты? — http://turki.kz/ajtylghan-soz-atylghan-oq-emes-dep-kim-ajtty
  2. Бәскүрес — қазақ күресінің қысқа әрі нұсқа аты — http://turki.kz/baskures-qazaq-kuresining-qysqa-ari-nusqa-aty
  3. Қазақ күресін басқаша «баскүрес» десек болады — http://turki.kz/qazaq-kuresin-basqasha-baskures-desek-bolady
  4. Қазақ күресін «тіккүрес» деуге де болады — http://turki.kz/qazaq-kuresin-tikkures-deuge-de-bolady

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*