Жоңғар батырының ажал аузында жатып айтқаны

сүйрет : Zendiar.com
Ыспан
Абылайхан таңалдында әдепкі әдетімен сірә, бір жағы ақ бурасының қалай қарап жатқанын көрейін деп, ұйқыдағы әскерін аралап келе жатып, …
… ертең ерте жекпе-жекке шығуы тиіс жас батырының әлдебір түс көріп, ұйқысынан оянып отырғанын көреді.
Оның екі емшегімді екі арлан қасқыр еміп жатты дегеніне Абылай: бұл жақсы түс, құдақаласа жоңғарды жеңіп, елге барасың, үйленіп, әйелің көкжал қасқырдай екі ұл табады, емшегіңді еміп жатқан сол қасқыр, сол ұлдарың, әумин дейді.
Ырасында, айтқаны айдай келіп, ертесіне жауын жеңіп, қанжарын салғалы жатқанында жоңғар батыры : тұра тұр, мені сен жеңген жоқсың, сен көрген түсті мен де көргенмін, тек Абылай ханның жоруы менің жорушымкінен асып кетті деген екен.
Бұл 18-ғасырдағы жай.
Ал сол бар өмірі ат үстінде өткен жауынгер елдің, өмірінде жеңіліп көрмеген Қабанбай, Қажымұқанның бүгінгі ұрпағы кешегі егінші, отыншы елдің ыспортшысынан жеңіліп, жеңе алмай жататынының бір себебі шәкіртіне «работать», «тоқтама»,«Алға Қазақстан» дегеннен басқа сөз айтып, іс көрсете алмайтын бүгінгі бапкердің ойсыздығы мен ықылассыздығынан ба деген ой келеді.