Жұрналшының жазылмаған жырлары

сүйрет : Ria.ru
Ыспан
Армансыз адам ақпайтын сумен тең дейтінбіз, деп өстік. Сірә, өзіне құдайдан не тілеп, нені көксеп, нені күйттейтінін аңдай бермейтінімен, қандай да бір мақсатсыз пенде болмайды. Әсіресе жоғары лауазымға қол жеткізген, қол жеткізіп алған жан қу дүние мен лауазымнан басқа …
… халқының қамын жегіш қайраткер атанғысы, қайраткер көрінгісі келсе керек. Сондай сезімі түртті ме әлде басқа жоспары болды ма, сенатор бауырымыз Нұртөре Жүсіп осыдан бірер ғана күн бұрын, яғни қыркүйек айының соңғы екі-үш күнінде өз ортасының отырысында …
… жұрналшыға қосымша тұрғындық алаң беру керектігін мәлімдеп, көкейде жүрген көп ойдың бірін түртіп кетті. Тек шетелде, көп елде солай, ал біздікі қалай дейтін ұқсап-бағушылыққа бақаны, содан аса алмағаны ма, не күннің туып, неге олай ойлайтынын ашып-ажыратып түсіндірмегендей болды.
Әрине, түйенің жегені жантақ демекші, бүгінгідей күрделі, ақ пен қараны, жақсы менен жаманды айыру аса қыйын қоғамда төртінші билік атанған жұрналшылық, шын жұрналшылық – жүгі жеңіл емес, берері де мол, ал қауіпі бір басына жетерлік кәсіп.
Мысалы, батылдығы мен елі алдындағы адалдығы үшін абақтының дәмін аз татпаған Міржақып Дулатұлы бұдан жүз жыл бұрын-ақ баспасөзі мықты елдің болашағы да мықты деп кетті.
Екіншіден, күні кешеге дейін қазақ даласын жайлап алған сарай ақындары туралы айтып, құлаққа құюумен келдік. Кез келген сәтте пәленше сарай ақыны, олар сарай ақыны болған дегіш-ақпыз, дегіш-ақ едік.
Ендеше өзіміз, бүгінгі жұрналшымыз осы екі анықтың қайсысына лайық?
Айталық, кез келген сала сыйақты жұрналшылық та өнер және ол шындықтың бетіне тура қарап тұрып айтудан, тіпті болмаса, қиядан шауып, қыйсынын тауып айта алудан, өз білігі мен сұрақ-қаруын іске қоса отырып, …
… телетүсіргіштің алдында күнде отырып үйренбеген түрлі сала маманының кеудесінің кілтін дәл тауып, бар білгенін айтқыза, аша алудан, ал шын ісі мен ниетін жасырып, ондай жымысқы жайларын айналып өтіп, қалай да аман қалу, ақ көріну, пәк көрінуді ойлап отыратын әкім-қара, басқалардың алдын орап, не бүк, не шік деп айтпасына қоймаудан көрінсе керек.
Ал біздің әуелгісі бар және одан кейінгі отыз жылдағы жұрналшы жұртымыз Міржақып айтқан мүде-міндет үдесінен шыға алды ма? Әлде әлдебір ерліктер мен ертектерді айтып сайрау мен сайрандаудан зар заман, тар замандағы өздері сынап-мінегіш «сарай ақындарын» он орап аларлық әбжыланға айналды ма?
Мысалы, біз білетін, күнделікті өмірде көріп жүрген жұрналшының көбі биліктің әр сөзін мен ісін алтынға балап, мақтап-мадақтауда оза шауып, ал керек жерінде үндемей қалып жүріп қазынаның қаржысына бармаған жері, алмаған сыйлығы жоқ. Қызыл тіл мен қызыл сөздің арқасында-ақ төртінші сатыдан биліктің бірінші, екініш сатысына ауысып алған жұрналшы да аз емес.
Нөмірі бірінші шыншыл саналатын жұрналшы жұрттың биліктің басында жүргені жетістіктің бір белгісі де шығар. Бірақ жағдай бұлай болғанда, қазақтың қара көбінің әлеуметтік ахуалы, адами даму деңгейіміз, ертеңгі күніміздің көрнісі, әділеттілік пен жариялылық, жемқорлықтың, бай мен кедейдің ара салмағы, тілі-діліміз қандай, қаншалық, аталған жетістікке сәйкес пе деген де сұрақ туады.
Екіншіден, жұрналшының батылдығына қоса «ақындығы» да шыңдалған болуы тиіс. Мысалы, өз басым жұрналшы ағайыннан «осы туралы не ойлайсыз, не айтасыз?» дейтін, сыйақты, мәселенің мәнін ашпақ түгілі маңайына да жуымайтын жалпылама сұрақты талай естідім. Сондай-ақ «жеңісіңді кімге арнайсың, халықтың қолдауын сезіндің бе, алдағы мақсатың не?» дейтін сұрақтарда да қандай да бір мәніс, ізденіс ізі бар деп ойламаймын.
Біздіңше, белгілі бір бағытқа маманданған әрі бүкіл әлеуметтің атынан сөйлеп-тергейтін, тергеу жүргізетін жұрналшы мәселенің мән-жайын ол сала қасқаларынан кем білмейтін болуы, олардың өзін түрлі сұрақтарымен тосылдырарлықтай дейңгейге жетуі, у-шулық хабар тізгінін өз қолында ұстап, діттеген мақсатына жете алатын болуы керек.
Мысалы, көптеген мұнай хабарларда не жүргізушінің өзі, не арнайы шақырған қолдаушы қонақтарының сөзі «ты дурак, сам дурак»-тан аса алмай, тікелей, төтесінен қойылған сұрақтарға жөнедеп жауап та бере алмай, не өздері сұрай алмай, керісінше, адамға, қоғамға жат, керағар қылықтарды таратушы қарсы қонақтарының уәжі мен сөзі басым шығып, іс жүзінде өздері бастап ұйымдастырып, қазынаның, халықтың қаржысына жасап отырған жұмыстары қоғамдық қаскөйлерді насихаттап-жарнамалаушы хабарға айналып кетеді.
Немесе тілді бұзатын оқығандары демекші (Қалел Досмұхамедұлы), біраз арып-ашыса да, кеңестік кезеңнен де аман өткен қайран тіл, қайран сөзді онан ары ойсырата қыйқалауда бүгінгі қазақ теледидары ойға келіп, ақылға сыймайтын биікке көтеріліп отыр.
Сонда оларға артықша құрмет не үшін көрсетілмек?
Сірә, қарғаның қарғаны қолдап, ол дегенде бір бүйрегі бұрылып тұруы күнә емес. Алайда солай екен деп, жұрналшылықтан асып түсіп, елдің атынан, мемлекеттік мінбеден сөйлеп отырған қайраткер сән қуып, сақа атанып, бір сала, өз саласымен шектеліп қалмай, бірінші кезекте күнделікті тамағын дүкеннен қарызға алып отырған аш-жалаңаш пен қуықтай бөлмеде тығылысып отырған көп балалы отбасыны ойлауы, сөз етуі керек-ақ.
Біздіңше, Қазақстанның артық ақшасы көп болып, артылып қалып, қайда қойып-жұмсарын білмей жатса, оны жұрналшы атын жамылғанның бәріне емес, ішкен су, жеген наны мен ел мүдесіне адал әрі батыл да білікті Сағат Әшімбайып, Шерхан Мұртаза атымен аталатын бәйге жариялап, «артық алаңды» сол жарыс жеңімпаздарына берсе болады.
Әрине, халқың қандай болса, басшың да, қосшың да сондай болмақ. Біз біраз сын садағына алған жұрналшы жұрты да аспаннан түспеген, әлдеқайдан келмеген. Мақтасақ та, даттасақ та олар да – осы қоғамның өркені, қазақтың өз баласы, төл тумасы екені де бір анық.
Большое спасибо за подробную информацию. Девочки, а кто может подсказать где купить мирену ? Слышала, что сегодня это лучшее средство для женщин.